Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханасында «Ертөстік» бөбекжай бүлдіршіндері Қазақстан республикасының Тәуелсізідік күні мерекесіне орай «ТҰРАҚТЫ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ- ТӘУЕЛСІЗДІК» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға тәуелсіздік күнінің маңыздылығын баяндау,тіл байлықтарын молайта отырып өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу,әндерін шырқау,патриоттық сезімін қалыптастыру,кітапқа қызығушылығын арттыру болатын.









