23.05.2024 жылы педагогтердің өзара әрекеттесулерін, білім беру сапасын арттыру және балалардың физикалық, психологиялық денсаулығын сақтау мақсатында Жезқазған қаласының «Салтанат», «Ертөстік» пен жекеменшік «Мирас» бөбекжайларының арасында «Серіктес бөбекжайлардың белсенді өзара әрекеті: педагогтердің серіктестік қауымдастығын қалыптастыру» атты іс – шара ұйымдастырылды.
Іс – шара бірнеше кезеңнен тұрды:
І кезең серіктес бөбекжай тәрбиеленушілерінің дайындаған шағын концерттік нөмірлері. Бөбекжайлардың тәрбиеленушілері өлең шумақтарын, әндер айтып, би беледі.
ІІ кезең педагогтер арасында «Спорт – біздің серігіміз» тақырыбында эстафеталық ойындар ұйымдастырылды
Іс – шарамыздың қорытынды ІІІ кезеңінде «Салтанат» бөбекжайының педагог – психологі Жетписова Ботагоз Алтаевна серіктес бөбекжайлардың педагогтерін біріктіру, команда қалыптастыру үшін «Құбыр жаттығуы» атты тренинг өткізді









