Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

17.01.2025 жылы Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайында КМҚК «Әкелер мектебі» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйым мен отбасының күш-жігерін біріктіру мақсатында ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері мен әкелеріне арналған «Әкем және мен» атты спорттық жарыс өтті. Сайыс негізгі үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең: «Кім жылдам?»
Балалар — кедергілерден өтті.
Әкелер — шаңғымен кеглді айналып келді.

Екінші кезең: «Біз мықтымыз»
Балалар — арқан тартыс ойыны.
Әкелер — 24 кг кір тасын көтеру бойынша жарысты.

Үшінші кезең: «Мергендер» (Тир ату) — тек тәрбиеленушілердің әкелеріне арналған сайыс.

Жарыстың нәтижесінде келесі жүлделі орын иегерлері анықталды:

ІІІ орын:
«Бұлақ» ересек тобы, Тельконуров Ерлан Камалбекович — әкесі, Камалбек Рауан Ерланұлы — баласы, Әбдікамид Әділер — әкесі, Әбдікамид Жігер — баласы.
«Аққайың» мектепалды тобы, Жунусов Медет Муратович — әкесі, Мұрат Қайсар Медетұлы — әкесі, Сарсенов Алмаз Төлегенұлы — әкесі, Төлеген Алишер Алмазұлы — баласы.

ІІ орын:
«Күншуақ» ересек тобы, Суттибаев Бауыржан Маликович — әкесі, Малик Арыслан — баласы, Бейсембаев Нурбол Елимбаевич — әкесі, Елимбай Абдурахман — баласы.

І орын:
«Бәйшешек» түрлі жас тобы, Жаксимбетов Дулат Шахмұратұлы — әкесі, Шахмұрат Ілияс Дулатұлы — баласы, Уақпаев Зарып — әкесі, Зарып Азизхан Мақсатұлы — баласы.

Бас жүлде + Кубок:
«Айгөлек» ересек тобы: Касымов Салим Идирисович — әкесі, Касымов Омар Салимович — баласы, Бақытов Медет Ғабитұлы — әкесі, Ғабит Амир Медетұлы — баласы.