Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

28.01.2025 жылы Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің “Ертөстік” бөбекжайында КМҚК «Әжелер мектебі» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйым мен қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілері мен әжелеріне арналған “Әжелер сөзі- тәрбие көзі” атты жарыс өтті. Сайыс негізгі бес кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең: Таныстыру «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»

Екінші кезең: ”Көтерейік көңілді ән-жырменен” (Бірнеше әннің үзінділері қосылады, соны жалғастырып айтып беру керек)

Үшінші кезең: “Сыр сандық”атты сұрақ-жауап сайысы.

Төртінші кезең: “Өнерлі саусақтар» атты үй тапсырмасы.

Бесінші кезең: “Жақсы сөз, жарым ырыс”- бата беру рәсімі.

Жарыстың нәтижесінде келесі жүлделі номинация иегерлері анықталды:

1) “Алтын оймақты әже” номинациясымен Калиянова Балдай әжеміз, немересі Ниязалы Еркеназ “Әдепті қыз” номинациясымен «Бұлақ» ересек тобы.

2) «Сырлы әже» номинациясымен Сатыбалдина Зиягуль Бекеновна, немересі Әділхан Раяна “Өнерлі қыз“ номинациясымен “Аққайың” мектепалды тобы,

3) “Білгір әже” номинациямен Мусина Гульнара Галымовна, немересі Абусағат Дана “Шебер қыз” номинациясымен “Айгөлек” ересек тобы,

4) “Өнерлі әже” номинациясымен Асанбекова Дина Казыбаевна, немересі Сламбек Сезім “ Бас жүлде” “Күншуақ” ересек тобы,

5) “Бас жүлде” “Бәйшешек” ересек тобының әжесі Абулаисова Нурлыжигит Ашмухановна, немересі Ғалымбек Жанерке “Сұлу қыз” номинациясымен марапатталды.‎