Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

№13 «Ертөстік» бөбекжайында педагогикалық ұжыммен «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзиялық білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дағдыларын дамытуда педагогтердің кәсіби шеберлігінін арттыру болатын. Педагогикалық кеңес «4 К моделі» бойынша инклюзиялық білім берудің ерекшеліктері бағытында бөбекжай тәрбиешілерінің креативтілігін, сыни ойлауын, коммуникативтілігін және топта жұмыс жасай алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызды .Интерактивті психологиялық-педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар инклюзиялық білім берудің міндеттерін шешуге, ұйымдастыру процесінде пәндік-дамытушы ортаны қолдануда педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға мол септігін тигізді. Тәрбиешілер мен арнайы мамандар (логопед,психолог,дефектолог) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен сауықтыру-шынықтыру қызметінде қолданатын тиімді құралдардан көрме ұйымдастырды.