Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

Баланың өзінің тіліне, дініне, ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі. Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе өз елінің нағыз патриоты болып қалыптасатынына шүбә жоқ. Сол мақсатпен Жезқазған қаласындағы №13 «Ертөстік» бөбекжайы нда «Отбасындағы патриоттық тәрбие» тақырыбында топтық ата-аналар жиналысы өтті. Ата- аналар жиналысының негізгі мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптасатынын, отанды сүю отбасынан басталатынын ,отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор екенін ата-аналарға жеткізу болатын. Жиналыс барысында ата-аналармен тренингтер, сауалнамалар ,ситуациялық сұрақтарға жауап беру сияқты шаралар жүргізілді. Ата-аналар ұлттық ойындардың маңыздылығын өздері ойнап көрсетіп талдады. Жиналыс соңында «Мен қазақпын» әнін шырқап өздері де патриоттық сезімдерінің шыңдалуына мүмкіндік туғызды.
Ата-аналар болашақ ұрпағының туған өлкесін, халқын, Отанын, отбасын сүйетін тұлға ретінде тәрбиелеуде зор жауапкершілік керектігін ұғынып , тәрбиешілерге бала тәрбиесіндегі еңбектері үшін ,отбасы мен бөбекжайдың ынтымақтығы үшін алғысын айтып тарасты.