2020 жылғы 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашу мақсатында бөбекжайдың барлық топтарында бөбектеріміз шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жүрек жылуы мен ізгі тілектерімен бастады.Ата-аналар мен бөбектеріміздің бірлескен « Шуағын шашқан-Ана» тақырыбында көрмесі, «Мейірімділік бастауы- ана жүрегі, аялы алақаны» оқу қызметі ұйымдастырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартуда барлық балаға мейірімін төккен ерекше жан- Сара анамыздың еңбек жолы туралы мағлұмат берілді. «Мейірімділік, Сүйіспеншілік,Жақсылық» ізгі тілектердің мағынасын ашып, кішкентай бүлдіршіндерге «Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен пайда болатынын, біздің бойымыздағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралатынын» жеткізе білді.









