№13 «Ертөстік» бөбекжайында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған бөбекжайішілік «Абай лебі,Абай үні, Абай тынысы» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Апталық 24-28 ақпан аралығында өткізіледі.
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Тәрбиелік мәні:
Сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру;
Көркем сөйлеуге,өз бетімен іздене білуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу;
Туған жерге деген сүйіспеншілікке;
Отан тыныштығын қорғауға;
Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру.









