Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

2019 жылдың 30 қазанында Жезқазған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында №13 «Ертөстік» бөбекжайының «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына қарсы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға ұлы тұлғаның өмірі және шығармашылығымен таныстырып өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу, әндерін шырқау болатын. Кітапхана қызметкерлері мен бөбекжай педагогтері Баймухаметова Г.Х., Байдаралинова Э.Н., Омарова М.Б., Сахиева Г.Н., Жумадилова Г.Т. балаларға дана Абай атамыз туралы білімдерін кеңейтіп мол рухани азық алуға мүмкіндік туғызды.