Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

Апталық аясында «Ертөстік» бөбекжай ата-аналарының экологиялық мәдениетінің деңгейін анықтауға және жіктеуге арналған әлеуметтанулық 4 блоктан құрылған сауалнама жүргізілді. Бұл жіктеуде субъектінің экологиялық мәдениет деңгейін 3 типке: «Экологиялық мәдениеті жоғары тип», «Экологиялық мәдениеті орташа тип» және «Экологиялық мәдениеті төмен тип» деп топтастырылған болатын.

Сауалнамаға орташа есеппен 94 ата-ана жауап берді. Оның ішінде «Экологиялық мәдениеті жоғары тип» - өзі тұрып жатқан аймақтың экологиялық жағдайына жаны ашитын, экологиялық білімі жоғары субъект, Олар қоршаған ортаны қорғауға, қоқыс жәшіктеріне әйнек, қағаз, пластик және т.б. бөліп салуға, сонымен қатар үнемі экологиялық сенбіліктер мен акцияларға қатысуға дайын субъектілер 80 / 85 %-ды құрады.

«Экологиялық мәдениеті төмен тип» - тұрғылықты жерінің экологиялық жағдайына мүлдем алаңдамайтын, экологиялық білімі төмен субъект. Олар қоршаған ортаны қорғау үшін ешқандай мән бермейтін, экологиялық мәдениет құрылымдарының барлық көрсеткіштері бойынша төменгі нәтиже көрсететін ата-аналар саны 0 / 0 %-ды құрады.

«Экологиялық мәдениеті орташа тип» - тұрғылықты жердің экологиялық жағдайына алаңдайтын, экологиялық білімі орташа субъект. Олар барлық көрсеткіштер бойынша жоғарыда берілген екі типтің араласып келуін көрсеткен ата-аналар саны 14 / 15%-ды құрады.