Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

І күн -18 қаңтар 2021ж. ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ. «Алпамыс «Читландия» елінде»

#читающиедети#читающаястрана

Бүгін бөбекжайымызда 18-22 қаңтар аралығында Оқу сауаттылық апталығы: «Кітаппен дос болайық»! өз жұмысын бастады. Іс-шараға Алпамыс және «Алтын балық» тобының тәрбиеленушілері апталықтың ашылуына өз үлестерін қосты. Фестивальді гимн орындаумен ашып, кітаптың пайда болуы туралы бейнені қарады. Фестиваль «Ыбырай Алтынсарин және оның шығармалары» әдебиет көрмесімен өз жалғасын тапты.

 

 

#читающиедети#читающаястрана

Қызғалдақ және Раушан тобының тәрбиеленушілеріне «Үйшік» орыс халқының ертегісі сахналанды.

#читающиедети#читающаястрана

Барлық топтарда кітап бұрышындағы кітаптарды жөндеу жұмысы ұйымдастырылды.

 

 

#читающиедети#читающаястрана

Ата-аналармен жұмыс: Бөбекжай ата-аналарын букроссинг акциясына қатысуға шақырамыз.

 

#читающиедети#читающаястрана

Педагогтермен жұмыс: ZOOM  платформасында бөбекжай педагогтерімен «Балаларды туған өлкенің мәдениетімен таныстыру процесінде қазақ халық ертегілерін пайдалану» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.