Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

ІІІ күн -20 қаңтар 2021ж.
Әдеби қонақжай «С. Я Маршак қонақта»

Алпамыс балаларды Степа ағамен қарсы алады

 

#читающиедети #читающаястрана

Алпамыс балаларды Степа ағамен қарсы алады

«Біз оқимыз-біз білеміз»  С. Я. Маршак өлеңдерін оқу олимпиадасы. Өткізгендер:Тәрбиешілер, Искендирова Г.Н., Баймухаметова Г.Х

 

#читающиедети #читающаястрана

«Жомарт және сараң» қазақ халық ертегісі бойынша қуыршақ театры» Өткізгендер: «Алтын балық» ортаңғы топ

 

#читающиедети #читающаястрана

Педагогтармен жұмыс:

Семинар / ZOOM конференция «Кітап бұрышындағы жұмыс түрлері» Өткізгендер:Искендирова Г.Н.,

#читающиедети #читающаястрана

Ата-аналармен жұмыс:

«Қазақстан-менің елім» ертегісін ойлап табу

Букроссинг, оқыған кітаптары бойынша кеңес беру, сауалнама жүргізу

 

Қазақстан - менің елім.

     Ерте ерте ертеде мамыражай елде айбатты бүркіт өмір сүріпті. Ол туған жерінің аймақтарын аралап , табиғатына тамсанып ұшып келе жатады. Кенеттен айналаны қара түнек басып, тұманданып кетеді. Бүркіт тасырқап қалады. Айналасын шолып қараса қалың бұлттын ішінен аузынан от лаулаған айдаһарды көреді.

  • Сен кімсің ? О зұлым тіршілік иесі!
  • Мен Айдаһармын! Мына жер тым жарық, мен өскен жердің табиғаты бұндай емес!Ал сен кімсің! Мен сияқты ұша алады екенсің, мұндай қабілет менде ғана болу керек!
  • Мен Бүркітпін! Көгорай шалғынды, пайдалы қазбаға бай Қазақ елінен боламын! Бұл менің жерім, мен сенен қорықпаймын! Өз жерімді ешкімге бермеймін!
  • Барша әлемді қараңғы түнге айналдырамын! Барлығы менің дегенімдей болады!
  • Айдаһар сен асықпа! Кел екеуміз дос болайық, мен сені өз еліммен таныстырайын.
  • Достық? Мен бұл қасиеттен тансық екенмін, жарайды көрсетсен көрсет.
  • Міне Қазақстан елі өте шырайлы , таулы аймақтарында мөлдір бұлақтары бар, баурайында әр түрлі жануарлар мекен етеді. Бұл тіршіліктің барлығын жойғаннан ештеңе шықпайды, одан да біздің мекенге қоныстан. Сен мен сияқты Қазақстанымды сүйіп, аялайтынына сенімдімін!
  • Жарайды, осы күнге дейін зұлымдықтан еш пайда көрмедім, барлығын әрқашан тек мұңайтып жүрдім... Ал сен маған ұнадың!
  • Менің достық көңілімді қайтармағанына рахмет. Бір-бірімізге серік болып, қанаттарымызды жайып, айналаны аралап ұшайық!

Сөйтіп, ақыры аяғында бүркіт пен айдаһар дос болып, туған жері Қазақстанды қорғап, аялап жүріпті!