ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 13 "Ертөстік" бөбекжайында мектепалды даярлық топтарында тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметінде Елбасының өмірбаянымен таныса отырып, әр баланың жанарынан келешекте өз елінің патриоты боламын деген сезімге толы арманы байқалды.
13 желтоқсан күні Жезқазған қаласындағы №13 «Ертөстік» бөбекжайында 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздігім- тұғырым» атты мерекелік іс - шара өтті. Ертеңгіліктің ерекшелігі балалардың ата-әжелері арнайы қонаққа шақырылды.
Мақсаты: жүздеген жылдар бойы ата-бабаларымыздың армандаған егемендікке қол жеткізгендігімізді ,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандары туралы немере- шөберелеріне тарихи шежіре ғып ата-әжелеріміз айтып отыратынын жеткізу еді.
Мереке соңында ата-әжелер іс шарадан алған әсерлерін тебіреніспен жеткізіп, алғыс білдірді.
№13 «Ертөстік» бөбекжайында Тәуелсіздік мерекесіне орай ұжымда «Мен елімнің патриотымын» атты жас мамандар арасында сайыс өтті.Сайыста жастар жалынды жігерімен туған жер туралы эссе,мақал мәтел,өлеңдер оқып өз шеберліктерін көрсетті. «Елінің нағыз патриоты», « Ұлтжанды жас маман»,»Отан жанашыры», «Өресі кең жас маман», «Талантты жас маман» «Жан-жақты білімді жас маман» номинацияларымен марапатталды
https://detskiysad.rka.kz/kz/zhanaly-tar/107-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-merekesi.html#sigFreeId94d755368f









