Жезқазған қаласындағы №13 «Ертөстік» бөбекжайы бүлдіршіндері Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында балалар туған жердің тарихы және мыс өндіру орындары туралы көп мағлұмат алды. Мектеп жасына дейінгі балаларға әсіресе академик аталарының тұтынған заттары, дүниелері қызықты болды.Экскурсовод апайларының мыс өндіру туралы көрсеткен деректі фильмдерінен кішкентай балаларымыз әртүрлі мамандық иелерінің еңбегімен танысты.Мұражайдан балалар көп әсермен бөбекжайға келіп, тағыда қызу әңгімелеп берді









