Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

20 сәуір 2021 жылы «Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен «Ғаламшарды аялайық!» экологиялық сауаттылық апталығы шеңберінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша вебинар өтті. Вебинар спикерлері Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы әдіскері Л.Е Сатибалдина және тәрбиеші Ж.Е Аманжол қатысып, «Табиғат достары» жобасы аясында іс-тәжірибелерімен бөлісті.