Семинардың мақсаты: «Зерек» жобасын зерттеу және апробациялау мектеп жасына дейінгі және мектепалды тәрбиеленушілері зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Семинардың модераторлары: №13,3 бөбекжай әдіскерлері Кулмырзаева Ф.С,Сахиева Г.Н;
тәрбиешілері: Телькунорова М.Е, педагог-психолог: Ақботина Қ.К семинар барысында «Зерек» педагогикалық жобасының тиімді жақтарын, мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда психологиялық қолдауды, тәрбиелеу мен оқу қызметіндегі қолданылатын тиімді жаттығуларын көрсете білді,орыс тілі мұғалімі оқу қызметінде мультимедиялық әдістерді тиімді пайдалануымен бөлісті; педагогтер өздігінен практикалық тапсырманы танымдық тапсырмаға өзгерте ала отырып, алдына қойған мақсаттары мен шарттарына сәйкес өз әрекеттерін бақылай, жоспарлай және бағалай білуді іске асырды.
Баланың интелектуалдық шығармашылық зейіндерін қанағаттандыратын, есте сақтау қабілетін, кинезиологиялық, қол моторикасын дамытатын, әр күн сайын ақыл-ой мен денеге арналған жаттығулар жасай отырып, оқу іс әрекетіндегі жетістігі мен сәтсіздігінің себебін түсіне алды.
Семинар жоғары деңгейде өтті.
https://detskiysad.rka.kz/kz/zhanaly-tar/87-20-11-2019-zhyly-km-k-13-ert-stik-b-bekzhajynda-alaly-bilim-b-limini-distemelik-kabinetini-zhosparyna-s-jkes-zerek-pedagogikaly-zhobasyn-zh-zege-asyru-ta-yrybynda-alaly-is-t-zhiribelik-seminar-tti.html#sigFreeIdc90340bea8









