Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
Мира даңғылы, 55

13 желтоқсан күні Жезқазған қаласындағы №13 «Ертөстік» бөбекжайында 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздігім- тұғырым» атты мерекелік іс - шара өтті.

Ертеңгіліктің ерекшелігі балалардың ата-әжелері арнайы қонаққа шақырылды. Мақсаты: жүздеген жылдар бойы ата-бабаларымыздың армандаған егемендікке қол жеткізгендігімізді ,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандары туралы немере- шөберелеріне тарихи шежіре ғып ата-әжелеріміз айтып отыратынын жеткізу еді.
Мереке соңында ата-әжелер іс шарадан алған әсерлерін тебіреніспен жеткізіп, алғыс білдірді.