Жезқазған қаласының №13 «Ертөстік» бөбекжайында «Инклюзивті білім беру: Бәріне бірдей мүмкіндік» тақырыбында білім бөлімінің әдіскері Ш.А.Қуанышбекова қатысуымен іс-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды дер кезінде анықтау және ерте жастан түзетушілік көмек көрсетуді ұйымдастыру, олардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке алу, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне тартудың мүмкіншіліктерін көрсете отырып, толыққанды тиімді және сапалы білім беруді жүзеге асыруда бөбекжай педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету болатын.
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің негізгі қағидаларын, яғни жеке-даралық, баланың дербес белсенділігін қолдау,әлеуметтік өзара әрекеттестік,пән аралық тәсіл,тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастырудағы вариативтілік қағидаларын ұстанды.
«Ертөстік»бөбекжайының арнайы мамандары психолог Қ.К.Ақботина «Ғажайып түстер әлемі» атты арттерапия элементтерін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауын – эмоционалды (көңіл келбеті) зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында кластер көрсетті. Логопед Э.Н.Байдаралинова «Көңілді саусақтар» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балаларға саусақ жаттығулары арқылы сөйлеудің дамуына ақыл ой мен сөйлеу процесін дамыту жаттығуларын жүргізді. Бөбекжайымыздың музыка жетекшісі С.А.Горлова «Ерекше білімге қажеттілігі бар балалар өміріндегі музыка» тақырыбында музыкалық шығарманы тыңдату арқылы қиялын, есту, есте сақтау қабілеттерін, балаларда жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған дидактикалық ойындарды шебер көрсетті Дефектолог А.У.Сарсембаева ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың көру, есту, сөйлеу мүшелері мен ақыл-ойының дамуына септігін тигізетін әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындата отырып,өз тәжірибесімен бөлісті. Тәрбиеші Романова Л.М өз тәжірибесінде қолданып жүрген «Текшелер қаласы» технологиясы арқылы балалардың есту назарын,фонематикалық қабылдауын,сөздік-логикалық ойлауын,назардың және ұзақ уақытты жадының тұрақтылығын ,қызығушылығын арттырды..Дене шынықтыру нұсқаушысы Омаров Е.Ж «Ефименко технологиясы» арқылы өмірлік қажетті қимыл қозғалыс дағдыларын дамытып,тәжірибесімен бөлісті..
Бөбекжай ерекше білімді қажеттілігі бар балалармен жұмысты үйлестіруші Г.Н Сахиева жиналған қаланың бөбекжай әдіскерлеріне «Жек дамыту бағдарламасын жобалау»тақырыбында жеке дамыту бағдарламасының құрылымына зерделеу жасап,оның жазылу жолдарының ерекшеліктерімен,әдістерімен таныстырып презентация жасады.
Бөбекжай директоры Н.К.Тағыбергенова ерекше білімге қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастырудың алгоритмін,ондағы жетекшінің рөлі, ЕБҚ бар балалардың ата-аналарымен әлеуметтік серіктестік орнату,оларға педагогикалық психологиялық сүйемелдеу көрсету және ата-аналар қауымынан жүргізілген жұмыс барысына жағымды пікірлер,алғыс есту жұмысты әрі қарай табысты жалғастыруға ынталандырады.Инклюзивті қоғам құру, отбасы және бала институтын қолдауға әрқайсысымыз басымдық беруіміз қажет деп жиналған педагогтерге ой салды.
Жезқазған каласының барлық бөбекжайларынан келген педагогтер №13 «Ертөстік» бөбекжай ұжымына шеберлік кластер үшін алғыстарын жеткізді.
https://detskiysad.rka.kz/kz/zhanaly-tar/95-inklyuzivti-bilim-beru-b-rine-birdej-m-mkindik.html#sigFreeId62afb07850









