11.12.2020 жылы Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханасында №13 «Ертөстік» бөбекжай бүлдіршіндері Қазақстан республикасының Тәуелсізідік күні мерекесіне орай «ТҰРАҚТЫ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ- ТӘУЕЛСІЗДІК» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға тәуелсіздік күнінің маңыздылығын баяндау,тіл байлықтарын молайта отырып өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу,әндерін шырқау,патриоттық сезімін қалыптастыру,кітапқа қызығушылығын арттыру болатын.
Кітапхана қызметкерлері мен бөбекжай педагогтері Баймухаметова Г.Х, Жумадилова Г.Т, Искендирова Г.Н балалардың патриоттық сезімін оятып,рухани азық алуға мүмкіндік туғызды.
https://detskiysad.rka.kz/kz/bizdi-ekskursiyalar/177-11-12-2020-zhyly-zhez-az-an-alasyny-m-deniet-zh-ne-tilderdi-damytu-b-limini-ortaly-tandyryl-an-kitapkhanasynda-13-ert-stik-b-bekzhaj-b-ldirshinderi-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizidik-k-ni-merekesine-oraj-t-ra-ty-eldi-t-yry-t-uelsizdik-atty-merekelik-is-shara-a-atysty-2.html#sigFreeIdd7f57941ca









