19.04.2021 жылы бөбекжайымызда мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының экологиялық сана-сезімі мен тәрбиесіне ықпал ету мақсатында «Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы бастау алды. Ересек топтарда апталықтың ашылуына «Экоапта ашылу әзірлемесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Кіші топтар арасында «Эколяттарға бастама », Ортаңғы топтармен « Жұмбақтарды тап», ересек топтармен «Табиғат туралы не білетіндігіңді айт» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді.









